Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша қаласында өрттен үш баланы аман алып шыққан 38 жастағы тұрғын марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға 17 ақпанға қараған түні болған. Сол күні жұмыс орнында отырған Айдын Ақанов тұрғын үй шатырын өрт шарпығанын байқап қалған. Аулаға жүгіріп кіргенде, веранда отқа оранып, үйдің ішінен балалардың дауысы естілген. Ер адам терезені сындырып, қою түтінге оранған бөлмеден 2019, 2010 және 2009 жылы туған үш қызды аман алып шықты. Батыл азамат оларды көрші үйге жеткізіп, қауіпсіз жерге орналастырды. Абырой болғанда, балаларға медициналық көмек қажет болмады.
Марапатты Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы табыстады.