Солтүстік Қазақстанда 13 көл конкурсқа шығарылды

96

Олар балық шаруашылығын дамыту үшін жалға беріледі. 

Солтүстік Қазақстанда 13 көл конкурсқа шығарылды Фото: Depositphotos

Солтүстік Қазақстан облысында 13 су айдынын балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітуге қатысты конкурс жарияланды. Көлдер кәсіпкерлерге 10 жыл мерзімге пайдалануға беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы 5 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де Солтүстік Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығы су айдындарын бекіту жөніндегі конкурс жариялады. Конкурс e-qazyna.kz веб-порталында өтеді. Онда бірқатар су айдындарының аты аталады.

Қызылжар ауданы: 
Исаково көлі, ауданы – 33,6 га;
Каменное көлі, 164,6 га.

Айыртау ауданы:
Арықбалық тоғаны, 25 га;
Логовое көлі, 80 га.

Жамбыл ауданы:
Қалқан көлі, 163 га;
Башенное көлі, 100 га;
Песчаное көлі (Преснодуть), 38,83 га;
Зотово көлі, 100 га;
Питное көлі (Новорыбинка), 88,5 га.

М.Жұмабаев ауданы:
Сарыбалық көлі, 168,9 га;
Соленое көлі, 970 га.

Мамлүт ауданы:
Худиковое көлі, 114,92 га; 
Каменное көлі, 110,1 га.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу