Солтүстік Қазақстан облысында қарт әкесіне күш көрсетіп, балағат сөздер айтқан 22 жастағы жігіт бес тәулікке қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап.
Оқиға Шал ақын ауданындағы Бірлік ауылында тіркелді. Жас жігіт 70-ке таяған қартты соққының астына алып, балағат сөздер айтқан. Ол осының барлығын видеоға түсіріп, кейін бейнежазба желіде тараған. Зәбір көрген қария сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартып, полицияға ұлына қатысты арыз түсірмеген.
"Шал ақын ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері дереу тексеру жұмыстарын жүргізді. 22 жастағы жігіт өзінің әкесіне күш қолданған. Соттың шешімімен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды", – деді СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Сән Жұмағазина.