Солтүстік Қазақстанда 553 жұмысшы жалақы алмаған

101

Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласының жұмыс берушілері жалпы сомасы 103,7 млн теңге жалақы төлемеген.  

Солтүстік Қазақстанда 553 жұмысшы жалақы алмаған Фото: atr.kz

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жалақы берешегі толығымен өтелді, қызметкерлерге арнайы киім берілді, кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Есіл және Уәлиханов аудандарында білім беру мекемелерінің 282 қызметкері арнайы киіммен (мақта-матадан тігілген халаттар, қолғаптар, отқа төзімді сіңдірілген алжапқыштар, қолғаптар және т.б.) қамтамасыз етілмеген. 

Жалпы, жыл басынан бері облыс прокуратурасы 3082 қызметкердің құқығын қорғады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу