Петропавлда 21 қазан күні белгісіз ер адам 49 жастағы әйелді соққыға жығып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.
"Сағат 22:30 шамасында Петропавл қаласындағы көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреу бұзақылық ниетпен 49 жастағы әйелдің денсаулығына қасақана зиян келтірген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы ("Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру") бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта Петропавл полицейлері бұзақыны іздестіріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу