Осының нәтижесінде 3 тұрғын үй және 3 тұрғын емес ғимарат, сондай-ақ бір шаруашылық ғимараты өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 2 мамырда сағат 13.25-те басталған. Тілсіз жау кешкі сағат алтыда оқшауланды, 20.25-те толық сөндірілді. Үйлері өртенген тұрғын үйдің иелері туыстарына орналастырылды. Адам шығыны болған жоқ.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, өрт 0,75 гектар алқапта шөп тұрған жерден басталып, содан кейін тұрғын және тұрғын емес ғимараттарға көшкен. Оқиға болған жерге алғашқы өрт сөндіру топтары 28 минуттан кейін келді. Олар келгенге дейін жергілікті атқарушы органдар өз күші мен құралдары арқылы ауздықтауға тырысқан.
Желяково - Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы шағын ауыл. Мұнда барлығы 128 адам тұрады. Қазір ауылда облыстық әкімдік пен мәслихаттың өкілдері бар.