Солтүстік Қазақстанда колонияға жеке кәсіпкерлер бірнеше телефон өткізбек болды

305

Тексеру барысында бірден 8 телефон, 8 SIM-карта, 2 қуаттағыш және 5 жұп құлаққап тапты.​

Солтүстік Қазақстанда колонияға жеке кәсіпкерлер бірнеше телефон өткізбек болды Фото: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы колонияға жеке кәсіпкерлер бірнеше телефон өткізбек болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке cілтемпе жасап.

Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 4 мыңға жуық сотталғанды жұмыспен қамтамасыз ететін 287 шағын және орта бизнес кәсіпорны жұмыс істейді. Тыйым салынған заттарды жеткізу арналарының жолын кесу мақсатында ҚАЖ комитеті тексеру топтарын күшейту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді.​

Өткен тәуліктің өзінде республиканың екі мекемесінде тыйым салынған заттарды алып жүруді жоспарлаған жеке кәсіпкерлердің өкілдері ұсталды.

Мәселен, 12 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №48 мекемесінде жедел және режимдік бөлімнің қызметкерлері өздерінің қауіпсіздік тобымен бірлесіп, жеке кәсіпкерліктің бірінің директорының құрылыс материалдарын тексеру барысында бірден 8 телефон, 8 SIM-карта, 2 қуаттағыш және 5 жұп құлаққап тапты.​

Сол күні №28 мекемеде автокөлікті тексеру кезінде өсімдік тектес заттары бар екі байлам табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, сот-химиялық сараптама тағайындалды.​

Мобильді құрылғылар мен тыйым салынған заттар тәркіленді. Тыйым салынған заттарды жеткізуге тырысқан азаматтар жауапқа тартылды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу