Солтүстік Қазақстанда көшеде құлап, жарақат алған майдангер қайтыс болды

238

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Солтүстік Қазақстанда көшеде құлап, жарақат алған майдангер қайтыс болды Фото: СҚО әкімдігі

Соғыс ардагері Василий Макиенко көшеде құлап, алған жарақаттарынан аяғына тұрмастан бүгін ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңір басшысы майдангердің туған-туысына көңіл айтты. 

"Василий Васильевичтің өмір жолы – ерлік пен адал қызметтің жарқын үлгісі. Ол майданға он сегізге толмай жатып шақырылып, атқыштар полкінде, оның ішінде гвардиялық құрамда ауыр шайқастардан өтті. Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін бейбіт еңбекке белсене араласып, өңірдің дамуына елеулі үлес қосты. Су шаруашылығы саласында еңбек етіп, техникалық жабдықтау өндірісі басқармасы бастығының орынбасары қызметін 13 жыл атқарды. Біздің ардагеріміз өмірге құштар, белсенді және салауатты өмір салтын ұстанған, жас ұрпаққа рухтың мықтылығы мен нағыз патриотизмнің жарқын үлгісі болды. Өткен жылы ол өңір тұрғындарымен бірге Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысқан сәт барша солтүстікқазақстандық үшін ерекше әсерлі болды. Келесі жылы ол 100 жасқа толар еді. Василий Васильевичтің ерлігі мен еңбегі, жарқын бейнесі солтүстікқазақстандықтардың жадында мәңгі сақталады", – деп жазды облыс әкімі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу