Солтүстік Қазақстанда мекеме бухгалтері бюджет қаражатын 5 жыл бойы ұрлаған

130

Ол осы қылмысы үшін сотталды. 

Солтүстік Қазақстанда мекеме бухгалтері бюджет қаражатын 5 жыл бойы ұрлаған Фото: newtimes.kz

СҚО-да Мағжан Жұмабаев ауданының Жастар ресурстық орталығында жүргізілген тексеру барысында мекеме бухгалтері 17 млн теңгені жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, бухгалтер 2020 жылғы қаңтардан бастап 2025 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде өзінің жеке шотына жалпы сомасы 17 млн теңге жалақы және өзге де төлемдер түріндегі ақшалай қаражатты заңсыз аударғаны анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша 2025 жылғы 27 наурызда аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру) белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

"Мағжан Жұмабаев аудандық сотының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі үкімімен Орталық есепшісі аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда материалдық жауапкершілік пен бухгалтерлік қызметке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырумен, 7 жылға бас бостандығынан айырылды (үкім заңды күшіне енді).

Қылмыстық кодекстің 74-бабының талаптарына сәйкес, сотталғанда жас баласының болуына байланысты оның жазаны мерзімі 2028 жылдың 27 қыркүйегіне, яғни бала он төрт жасқа толғанға дейін қалдырылды.

Мемлекетке келтірілген шығын ішінара өтелді", – делінген хабарламада.

Облыс прокуратурасы бюджет қаражатын пайдаланудың заңдылығын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу