Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туған анасын ұрып өлтірген 59 жастағы ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
СҚО сотының мәліметінше, оқиға биыл 9 тамызда Тайынша қаласында болған.
Прокурор мен жәбірленуші Б.-ны кінәлі деп тануды және 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады.
Жасалған қылмыстың мән-жайын және оның ауырлығын ескере отырып, сот Б.-ны ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сотталушы сондай-ақ жазасын өтеу орнында маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.