Солтүстік Қазақстанда Сергеев су қоймасы толып, ернеуінен асты

86

Солтүстік Қазақстан облысында болжам бойынша су тасқынының шарықтау шегі сәуір айының ортасына келмек.

Солтүстік Қазақстанда Сергеев су қоймасы толып, ернеуінен асты Фото: Фото: СҚО әкімдігі

Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде өтіп жатыр. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бірқатар маңызды нысандарды аралап, жағдайды жеке бақылауына алды. Тасқын судың жолында тұрған Прибрежное елді мекенінде су тасқынына қарсы штаб құру тапсырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қызылжар ауданындағы қорғаныс құрылыстарының дайындығын, Заречный кентіндегі айналма каналдың жағдайын, сондай-ақ Петропавлдағы гидротораптағы ахуалды көрдім. Барлық негізгі учаскелер бақылауға алынған, – деді облыс әкімі.

Қазір Прибрежное ауылына апаратын облыстық маңызы бар автомобиль жолы жаңғыртудан өтіп жатыр. Оның ішінде үш аралықты көпір өткелінің құрылысы да бар. Жұмыстар, мамандардың айтуынша, белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

– 31 наурыз күні Сергеев су қоймасы толып, ернеуінен асты. Қазіргі уақытта су деңгейі 8 сантиметрді құрайды. "Қазгидромет" кәсіпорны болжамына сәйкес, су тасқынының шарықтау шегі сәуір айының екінші-үшінші онкүндіктеріне келмек, – дейді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Бүгінде өзендердің су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізіліп отыр. Барлық қажетті күштер мен құралдар тасқынның алдын алуға жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу