Солтүстік Қазақстанда тұрғын үйге найзағай түсіп, өрт шықты

243

Тайынша ауданына қарасты Краснокаменка ауылында найзағай тұрғын үйдің шатырына түскен.  

Солтүстік Қазақстанда тұрғын үйге найзағай түсіп, өрт шықты Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Соның салдарынан өрт шыққан, деп жазады inbusiness.kz сайты СҚО төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Үйдің төбесі мен жиһаз өртенген. Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрайды.

СҚО ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер жалынды жедел түрде сөндіріп, одан әрі таралуына жол бермеді.

ТЖД құтқарушылары: "Бұл жағдай найзағайдың бір-ақ соққысы да өртке себеп болуы мүмкін екенін еске салады", – дейді.

Найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды: терезелердің, ағаштардың және металл құрылымдардың жанында тұрмау керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу