Солтүстік Қазақстанда заманауи кәсіпорын салынып жатыр

176

Аймақта жарма және түрлі дән өнімдерін өндіретін жоғары технологиялық зауыт құрылысы жүріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстанда заманауи кәсіпорын салынып жатыр Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жобаны "Қазақстан Бидайы" ЖШС жүзеге асырады. Жалпы құны 3 млрд теңгеден асады. Қажетті инфрақұрылымды тарту үшін облыстық бюджеттен 291 млн теңге бөлінген.

Кәсіпорын құрылысы былтыр мамыр айында басталды. Зауытта астықты өңдеудің толық өндірістік циклі енгізіліп, құны жоғары өнім шығарылады. Бұл қазақстандық агроөнеркәсіптік өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бермек.

Кәсіпорында тоғыз түрлі өнім, соның ішінде әртүрлі ботқа шығару жоспарланып отыр. Зауыттың жылына 24-тен 30 мың тоннаға дейін дайын өнім шығармақ.

Нысанда қазір Украинадан жеткізілген заманауи жабдық орнатылып жатыр. Үш өндірістік желіні іске қосу көзделген. Өндірістің энергия тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Барлық технологиялар халықаралық сапа стандарттарына сай болады. Зауытты осы жылдың тамыз–қыркүйек айларында іске қосу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу