Солтүстік Қазақстанда зардап шеккендерден өтемақы төлеуге өтініштер қабылдау басталды

226

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дузелбаевтың айтуынша, су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстанда зардап шеккендерден өтемақы төлеуге өтініштер қабылдау басталды Фото: ortcom_kz

Сергеевка су қоймасының сыйымдылығы 182% құрайды. Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс орын алған жоқ. Су қоймасына аққан су – 425 см. Осыдан 3 аудан мен Петропавл қаласын су басу қауіпі төніп отыр. Қар жамылғысы 30%-ға дейін жетеді. Әлі де 219 елді мекенді су басу қауіпі жоғары.

"40 үйдің 13-ін су басып қалған. 286 адам эвакуацияланып, 44 адам үйлеріне қайтарылды. 111 үйдің маңын су басты", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Кеше кешке Қорғаныс министрлігінен 313 әскери қызметші келді.

"Қолда бар ауыр техникалар аудандарға жөнелтілді. Сонымен қатар, ұйымдарға бекітілген техникалар да жұмылдырылуда", - деді Қанат Дузелбаев.

Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданындағы елді мекендердің айналасындағы қорғаныс бөгеттері күшейтілуде.

"Бүгіннен бастап Тайынша ауданында өтемақы төлеуге өтініштер қабылдануда", - деп толықтырды СҚО әкімінің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу