Солтүстік Қазақстанда зейнеткер әйел екі аптадан бері табылмай жатыр

265

Ол 2 ақпан күні сағат 9.00 шамасында үйінен шығып кеткен. 

Солтүстік Қазақстанда зейнеткер әйел екі аптадан бері табылмай жатыр Фото: "Лидер" волонтерлiк қозғалысы

Солтүстік Қазақстан облысында Шал ақын ауданы Семиполка ауылының тұрғыны Баян Мақатоваға іздеу жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Волонтерлер таратқан мәлімет бойынша, Баян Қайранасқызы 2 ақпан күні сағат 9.00 шамасында үйінен шығып кеткен. Содан бері хабар жоқ. 

Әйелдің психикалық дерті бар. Бойы 160-165 см, толықша келген. Шашы қысқа қырқылған, қоңыр түске боялған. 

Сол күні үстінде күзен терісінен тігілген бас киім, қоңыр тон, қара түсті шалбар, қара былғары етік, қолында көк торлы сөмке болған. 

Баян Мақатованы көрген-білгендер "102" немесе 8 747 628 35 31, 8 926 626 64 33 телефон нөмірлеріне хабарласа алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу