Солтүстік Қазақстанда зейнеткер жасөспірім қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталды

475

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Солтүстік Қазақстанда зейнеткер жасөспірім қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталды Фото: canva.com

Солтүстік Қазақстан облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зейнеткерді 13,5 жылға соттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Оған кәмелет жасына толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген айып тағылған еді.

2021 жылдың наурызында және 2022 жылдың жазында зейнеткер 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен.

Айыпталушы кінәсін мойындаудан толық бас тартса да, оның қылмысын куәгерлер әшкереледі. Сот сараптамасының қорытындысы, заттай айғақтар және істің басқа да материалдары оның кінәлі екенін көрсетті.

Прокурор, зардап шегушінің өкілдері ер адамды бас бостандығынан айырып, белгілі бір қызметтермен айналысуға өмір бойына тыйым салуды сұрады.

Сот үкімімен зейнеткер Қылмыстық кодекстің 122-бабы 3-тармағының 1-бөлімі – "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабы бойынша 13 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу