Солтүстік Қазақстанда жол апатынан бір адам қаза тапты

276

Қызылжар ауданында "Лада Приора" мен "КамАЗ" көліктері соқтығысқан.

Солтүстік Қазақстанда жол апатынан бір адам қаза тапты Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар тасжолда жеңіл көлік пен "КамАЗ" соқтығысып, соның салдарынан жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық ПД хабарлауынша,  қайғылы оқиға 14 ақпанда кешкі сағат 21.40 шамасында республикалық маңызы бар Петропавл – Есіл тасжолының бойында болған.

"Қызылжар ауданында "Лада Приора" мен "КамАЗ" көліктері соқтығысып, соның салдарынан "Лада" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты", - делінген ПД хабарламасында. 

Аталған дерек "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бабы бойынша ҚР ҚК-не тіркелді.

Көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу