Солтүстік Қазақстанда 45 тұрғын азаматтық туралы заңнаманы бұзған

209

Азаматтығынан айрылған 23 адам ескі құжаттарды пайдаланып келген. 

Солтүстік Қазақстанда 45 тұрғын азаматтық туралы заңнаманы бұзған Фото: gov.kz

СҚО-да жыл басынан бері азаматтық туралы заңнаманы бұзған 45 тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицейлер Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа тыйым салынғанын азаматтардың есіне салды. Азаматтығы ауысқан кезде мүліктік және басқа да мәселелерді уақытылы шешу керек; ҚР құжаттарын одан әрі пайдалануға болмайды — оларды белгіленген тәртіппен тапсырған жөн.

Осыған қарамастан, 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысында азаматтығынан айрылған 23 адам ескі құжаттарды пайдаланып келген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы бойынша оларға ірі көлемде айыппұл төлеуге тура келді.

Басқа елдің азаматтығын алған тағы 22 адам бұл туралы 30 күн ішінде хабарламаған. Бұл үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған: ірі көлемдегі айыппұлдан бастап, Қазақстаннан әкімшілік шығарып жіберуге дейін қатаң шара қолдынылады.

СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері азаматтығын ауыстыруға бекінген адамдардан барлық мәселелер бойынша кеңес алуды және осы процестің жүктеген міндеттерін назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу