Солтүстік Қазақстанға Германиядан асыл тұқымды малдың алғашқы партиясы әкелінді

560

Солтүстік Қазақстан облысында сүт өндіру көлемін арттыруға бағытталған инвестициялық жобаны іске асыру жалғасып жатыр.   

Солтүстік Қазақстанға Германиядан асыл тұқымды малдың алғашқы партиясы әкелінді Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

"СК Агро 2050" ЖШС сүт-тауарлы фермасына Германиядан голштин-фриз тұқымының 165 асыл тұқымды қашарының алғашқы партиясы жеткізілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Солтүстік Қазақстан облысында сүт өндіру көлемін арттыруға бағытталған инвестициялық жобаны іске асыру жалғасып жатыр. "СК Агро 2050" ЖШС-нің сүт-тауарлы фермасына Германиядан голштин-фриз тұқымының 165 асыл тұқымды қашарының алғашқы партиясы жеткізілді.

Қарағанды әуежайында қажетті рәсімдерден өткеннен кейін малдар Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан сүт-тауарлы фермасына жеткізілді. Олар карантинге орналастырылып, ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың тиісті кешені жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Жоба аясында барлығы жоғары өнімді 660 бас асыл тұқымды мал әкелу көзделген. Қалған 495 қашар кезең-кезеңімен жеткізіледі.

Асыл тұқымды мал сатып алу Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында жүзеге асырылуда. "Береке" бағдарламасы бойынша осы бағытты іске асыруға "Солтүстік" ӘКК арқылы 1,4 млрд теңге қаржыландырылды.

Жоба аясында сүт-тауарлы фермасындағы мал басын кезең-кезеңімен 12 мың басқа дейін жеткізу жоспарланған. Кешен жобалық қуатына шыққаннан кейін тәулігіне 150 тоннаға дейін сүт өндіру күтілуде. Сонымен қатар жобаны іске асыру нәтижесінде 120-дан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу