Солтүстік өңірде алғаш рет соя егіледі

1123

СҚО әкімдігінің отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды.

Солтүстік өңірде алғаш рет соя егіледі

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Биыл өңірде әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие соя егіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО әкімдігінің отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды.

"Биыл 10 мың гектар аумаққа соя егіледі. Келесі жылы оның көлемін 150 мың гектарға жеткіземіз. Бидайдың аумағын азайтып, жоғары табысты әрі экспортқа бағытталған дақылдарды өсіреміз. Соя үлкен сұранысқа ие, қазір нарықта 1 тоннасы 150 мың теңге тұрады", — деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Жоспар бойынша топыраққа 150 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізіледі, оның көлемі 2,7 млн га құрамақ.

"Біз ауыл шаруашылығы саласында табыстарға заманауи технологияларды жүзеге асырудың арқасында жеттік. Оның ішінде тыңайтқыштарды қолдану бар. Біз ел бойынша ең көп тыңайтқыш қолданамыз. Былтыр — 112 мың болды, биыл 150 мың тонна аламыз", — деді Құмар Ақсақалов.

Көктемгі егіс науқанына 13,6 мың техника жұмылдырылмақ. Биыл диқандар 30 млрд теңгенің 1,6 мың  жаңа техникасын сатып алуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 200-ге жуығы алынған.

Жалпы, биыл егістік алқабы 4,9 млн га құрамақ. Оның 4,1 млн га ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Атап айтсақ, 2,8 млн га бидай, 1 млн га майлы дақылдар, жемшөп 369 мың га себіледі.  Картоп 37 мың га, көкөніс 6,6 мың га егіледі. Яғни картоп пен өзге де көкөністің алқабы өзгеріссіз қалады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу