Солтүстік өңірде қант қымбаттады

975

Қант бағасына бірден 40 теңге қосылды.

Солтүстік өңірде қант қымбаттады

Солтүстік Қазақстанда  қант бағасы күрт өсті. Келісі 40 теңгеге қымбаттаған. Оған себеп – қанттың Ресей мен Беларусьтен жеткізілетіндігі, деп хабарлайды Atameken Business.

Бүгінде өнімнің көтерме бағасы 176 теңгеден 200 теңгеге дейін өскен. Өндірушілер бағаны көтере салысымен, супермаркеттегі қанттың да бағасы бірден өзгерген.

Тағы бір айта кететін жайт, төтенше жағдайдың салдарынан қаладан Омбы-Қарағанды, Мәскеу, Алматы, Ташкент бағытындағы автобустар тоқтатылған.

Ал әлеуметтік маңызы бар басқа тауарлардың құны әзірге өзгермеген. Жергілікті билік күніне екі рет тексеру жүргізуде.

"Қант Ресей мен Беларусьтен тасымалданғандықтан оның бағасы  өндірушілерге байланысты. Қазір рубль де, беларусь валютасы да құнсызданып барады. Қант биржада сатылатын тауар екенін ескерсек, доллардың қымбаттауы құнына тікелей әсер етеді",– дейді Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Құралай Жарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу