Солтүстік өңірден азаматтар үдере көшуде

1025

Жұмыссыздар саны 14 мыңнан асып жығылады.

Солтүстік өңірден азаматтар үдере көшуде

Солтүстік өңірден азаматтар үдере көшуде. Себебі, ол жақта халықтың тұрмыс жағдайы төмен, табыс мардымсыз. Статистика комитетінің мәліметінше, биылғы жылдың екінші тоқсанында орташа жалақы 130 мың теңге болған.

Ал мұғалімдер, дәрігерлер мен ауыл шаруашылығы мамандарының табысы 100-120 мың теңге аралығында ғана. Ең жоғарғы еңбекақыны қаржы мен сақтандыру саласының қызметкерлері алып отыр. Осының салдарынан өңір фермер, мұғалім, дәрігер, сатушы, тәрбиеші сияқты мамандарға зәру. Ал жұмыссыз отырғандар 14 мыңнан асып жығылады. Осылайша табыс таппай отырғандар үлесі 5 пайызға жуық.

Дәл осындай жағдайды Түркістан мен Жамбыл облысы да кешіп отыр. Ол өңірлерде кедейлік деңгейі Солтүстіктен 6 пайызға жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу