СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов өңiр дәрiгерлерiн кәсiби мерекелерiмен құттықтады., деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Өңiр басшысы соңғы жылдары денсаулық сақтау саласына бөлiнген қаржы 55% өстi, медициналық қондырғыларды сатып алуға сома 2 есе ұлғайғанын атып кетті. Жуық арада жаңа техника, заманауи қондырғылар сатып алынып, 14 емдеу мекемесiн жөндеу жоспарланған.
"Сапалы әрi тиiмдi жұмыс iстеу үшiн материалды-техникалық базасын жақсартуға бағытталуы тиiс. Қыркүйек айында МРТ және ангиограф алынады. Маусымда компьютерлiк томограф пен цифрлi маммограф келедi. Аудандарға 700 млн. теңгеге 25 бiрлiк қондырғы алынады", — дедi Құмар Ақсақалов.
СҚО әкiмi медициналық қызметкерлерге жағымды жаңалық жеткiздi.
"Қыркүйекте Петропавлда көпсалалы аурухананың құрылысы басталады. Бiз осы жобаға бiр жыл жұмсадық. Бұл түрiк компаниясымен жүзеге асатын ең ауқымды жоба. 2 жылда аурухана салынады. Өңiр тұрғындарымен қоса, көршiлес облыстармен мен Ресейдiң азаматтары да емделе алады. Үздiк қондырғыларда үздiк дәрiгерлер жұмыс жасамақ. Бұл үшiн шетелге 200 дәрiгердi оқуға жiберемiз", — дедi Құмар Ақсақалов.
Салтанатты жиын барысында облыс әкiмi еңбегi сiңген ақ халатты абзал жандарға марапат көрсеттi.