Солтүстікте нан қабылдайтын кәсіпорындар тарифтерін төмендетті

265

20-дан аса кәсіпорынға монополияға қарсы орган хабарлама жіберген.    

Солтүстікте нан қабылдайтын кәсіпорындар тарифтерін төмендетті Фото: azh.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті нан қабылдау кәсіпорындарының қызмет көрсету нарығындағы – астықты қабылдау, кептіру, тазалау, сақтау және жөнелту қызметтерінің бәсекелестік жағдайын тексерді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде 21 кәсіпорынға үстемдік жағдайын теріс пайдалану белгілері бойынша хабарламалар жіберілді. Бұзушылықтар астықты автокөлік және теміржол көлігімен жөнелту тарифтерінің аптаның күндері мен мерекелік күндеріне қарай негізсіз айырмашылығы түрінде көрінді.

20 кәсіпорын монополияға қарсы органның дәлелдерін қабылдап, тарифтерді төмендетті. Бұл орақ науқаны кезеңінде ауыл шаруашылығына түсетін жүктемені азайтады.

Бір кәсіпорын хабарламаны орындаудан бас тартты. Қазір оған қатысты тергеп-тексеру ісі басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу