Соңғы 3 жылда 7 басшының үстінен іс қозғалды

623

Қашықтан оқыту кезінде 1,5 млрд теңге үнемделді.

Соңғы 3 жылда 7 басшының үстінен іс қозғалды

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова карантин кезінде үнемделген қаражат қайда жұмсалғанын жариялады.  

"Үшінші, төртінші тоқсанда 1,5 млрд теңге үнемделді. Оның 549 млн теңгесіне көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін 2 613 ноутбук пен шексіз интернеті бар 5 200 роутер сатып алдық. Осылайша қашықтан оқыту мәселесін шештік. Қалған 600 млн теңгені білім беру ұйымдарын бейнебақылаумен жабдықтауға жұмсауды жоспарлап отырмыз", – деді басқарма басшысы 

Шолпан Қадырованың сөзінше, соңғы 3 жылда білім беру ұйымдарының
7 басшысы жемқорлық фактісі бойынша ісі болған. 

"Білім беру басқармасы мен астаналық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент арасында ынтымақтастық туралы меморандум бекітілген. Меморандум бойынша, қос ұйым мектепке дейінгі, орта және техникалық білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін бірге анықтайды", – деді білім басқармасының басшысы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу