Алматыда 29 қарашада жоғалып кеткен 34 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 қарашада үйінен шығып кетіп, оралмаған. ПД із-түзсіз жоғалған 1989 жылы туған Тимур Поповтың мәйіті табылғанын хабарлайды.
Құрылған жедел-іздестіру тобы жедел түрде Поповтың жүру бағытын анықтады: ол таксимен Талғар қаласына барған.
"Бүгін, 7 желтоқсанда сағат 11:00-де полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың өзінің әйеліне телефон арқылы "SOS" дабылын жіберген жерден 1,5 шақырым жерде орналасқан "Талгарка" өзенінің арнасына тексеру жүргізді. Нәтижесінде судан жоғалған ер адамның денесі табылды", - делінген хабарламада.
Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ің жастағы ер адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.