Осыған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға Қылмыстық кодекстің қай баптары бойынша айып тағылғанын мәлімдеген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгінгі сот отырысында сот Ержан Жанұзақов та сотталушыларға қандай айып тағылғанын айтты.
- Абзал Шынасыл ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бап 2-бөлігі 1, 5, 7, 9, 14-тармақтары (адам өлтіру), 24-бап 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу);
- Равиль Сәкиев Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бап 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 99-бап 2-бөлігі 7, 9-тармақтары (адам өлтіру);
- Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Тоқтаубаев Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық);
- Азамат Тоқтаубаев 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық);
- Кәмелетке толмаған Дидар Ысқақ Қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау).
Бұған дейін inbusiness.kz тілшісі Шерзат Полаттың сотында айыпталушылар мен жәбірленушілерді беттестірген сәттің көрсетілгенін жазған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу