"Сот – телешоу емес": Бас прокуратура Бишімбаевтың соты бойынша пікір білдірді

383

Бас прокуратура сот ашық режимде өтіп жатқанын айтты. 

"Сот – телешоу емес": Бас прокуратура Бишімбаевтың соты бойынша пікір білдірді Фото: gov.kz

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Мәжіліс кулуарында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер "Алқа билерді ешкім сатып алмайтынына кім кепілдік береді?" деп сұрады. 

"Егер де алқа билер қандай да бір қызығушылық танытатын болса, онда жауапкершілік қарастырылған. Мұндай фактілер анықталған жағдайда алқа билер коллегиясы таратылуы мүмкін", - деді Әсет Шыңдалиев.

Бас прокуратураның өкілі Бишімбаевтың ісі бойынша сотталушыны ешкім қорғап отырмағанын жеткізді. 

"Бишімбаев – қамауда отырған адам. Қамаудағы адамның бәрін конвойлар сотқа алып келеді. Бұл істе қанша нақты конвой бар екенін білмеймін. Бұл Ішкі істер министрінің құзырына кіреді", - деп жалғастырды ол.

Тілшілер ашық залға кіре алмағанын айтты.

"Журналистерге және сот залына кірмеген адамдарға бөлек зал бар. (...) Біріншіден, судья тәртіпті қамтамасыз етуі тиіс. Сот телешоу емес қой. Бұл қоғамдық резонанс тудырған іс екені белгілі. Жариялылық қамтамасыз етіліп отыр. Сіздерге экранға шығарылды, тікелей эфирден залда болып отырғанның бәрін көре аласыздар", - деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев.

Айта кету керек, осыған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысуымен өтетінін жазған болатынбыз.

Басты сот талқылауы 27 наурызда өтеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу