Сотта күдіктілердің марқұм Шерзатты ұрып-соққан сәті көрсетілді

246

Сот отырысын онлайн көруге болады. 

Сотта күдіктілердің марқұм Шерзатты ұрып-соққан сәті көрсетілді Фото: Бейнежазбадан

Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Полаттың өліміне байланысты іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотта қайғылы оқиға болған түні Шерзатты бір топ жігіттің қалай ұрып-соққаны көрсетілді. Бейнежазбадан әлдекімнің "жедел-жәрдем шақырыңдар" деп айғайлағанын естуге болады. 

Мемлекеттік айыптаушы Ержан Құрақбаевтың айтуынша, марқұм Нұрғанат пен Шерзаттың қасына айыпталушылар Белғожаев, Шынасыл, Тоқтаубаев, Сакиев келді. Шерзатты бірінші болып Белғожаев тепкені де айтылды. 

Видеоны оқиға куәгері түсірген.

Айта кету керек, бұған дейін Шерзат ісіндегі судья блогерлер мен желі қолданушыларына ескерту жасағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу