Түрмелер ішкі істер министрлігінен әділет министрлігінің қарамағына өтуге тиіс. Сотталушыларды қорғау жөніндегі қоғамдық бақылау комиссияларының қауымдастығы осындай ұсыныс жасап отыр, деп хабарлайды
"Тергеу, тінту жұмыстарын жүргізген ведомство бас бостандығынан айыру мекемелеріне де жауап беруі әділетті емес", – дейді Орталық Азиядағы халықаралық түрме реформасының аймақтық директоры Азамат Шамбилов.
Жаңа құрылған қауымдастыққа жүздеген құқық қорғаушы, үкіметтік емес ұйым басшылары, сарапшылар сотталушылардың құқығын қорғау бойынша өз ұсыныстарын жолдаған. Қауымдастық өкілдері енді психологиялық қысымды азаптау фактілерінің қатарына қосу қажет екенін айтады. Олар қылмыстық кодекстің кейбір тұстарын өзгерту жөніндегі ұсыныстарын парламентке жолдайтын болады.
"2016 жылдың нәтижесі бойынша 1500-ге жуық қинау фактілері тіркелген. Бұл – полицияда, бас бостандығынан айыру мекемелерінде, колонияларда және де сотқа дейінгі белгілі бір тінту кездерінде пайда болған қинау әрекеттері. Бас бостандығын айыру мекемелерін яғни түрмелерді Ішкі істер министрлігінен Әділет министрлігіне көшіру керек деп есептейміз. Бұл – әлемдік тәжірибе. Әлемнің 95 пайыз елінде түрме саласы Әділет министрлігінің саласына жатады", - дейді Шамбилов.