Созақта түйе шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінбек

1021

Қазір ауданда 400 мыңға жуық мал басы бар.

Созақта түйе шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінбек

Түркістан облысы Созақ ауданында түйе шаруашылығына көңіл бөлінеді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы кәсіпті мықтап қолға алуды тапсырды.

Қазір ауданда 400 мыңға жуық мал басы өсірілуде. 2018 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара, жылқы мен түйе саны өскен. Облыс басшысы Созақ ауданында түйе шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар міндеттер жүктеді.

"2019 жылы Созақ ауданы жергілікті бюджетке 6 млрд теңге қаржы түсіріп, жоспарды артығымен орындаған. Аудан экономикасына өткен жылдармен салыстырғанда тартылған инвестиция көлемі 125%-ға артты",– деп отыр әкімнің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу