"Ұшақтың құлауына байланысты шақырту түскеннен бастап оқиға орнына тез арада жетіп, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірістік. Біздің ең басты міндетіміз өртті сөндіру болды. Ұшақтағы өртті толықтай сөндірдік. Зардап шеккендерді құтқару жұмыстарын жүргізіп, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне көмектестік. Өзімізге жүктелген міндеттерді толықтай орындадық. Бұл оқиғаны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес", – дейді құтқарушы.
Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Оспан Оразбеков әріптестерімен бірге 8 адамды құтқарған.
"Шақырту орнына келгенде ең алғаш көргеніміз – ұшақтың артқы бөлігінде науқастардың жатқандығы болды. Біз бірінші болып қауіпсіздік белдігіне ілініп тұрған, басы төмен, аяғы жоғары қарап тұрған адамды құтқаруға кірістік. Оны жүргізуші Қожабекпен бірге қауіпсіз жерге түсірдік. Барлығы 8 науқасты белдіктерінен босатып, қауіпсіз жерге шығардық. Ең басты мақсатымыз – қысылып қалған, қиналып жатқан адамдарға алғашқы көмек көрсету және уақытты тиімді пайдалану болды", – дейді дәрігер.