Компания өкілдерінің айтуынша, аппараттың көтерілуі сәтті өткен. Бірақ қайтар жолда жанармай бактарының біріндегі қысым тым төмен болып, Starship жерге қарай өте жоғары жылдамдықпен жүйтки бастаған. Сол бойда оны жалын шарпып, жарылған. Аппарат жерге құлап, қирап қалған.
Бұған дейін SpaceX басшысы Илон Маск бұл сынақ сәтті өтпеуі мүмкін деп топшылаған еді.Дегенмен ол Starship аппаратының тиісті деңгейде ұшқанын, жерге қонғанға дейін оны бақылаудың мүмкін болғанын мәлім етті. Ол сынақтан кейін өзінің Twitter-дегі парақшасында "Марс, біз бара жатырмыз" деген жазба қалдырды.
Табиғат Нұрболат
Фото: itc.ua