Американдық компанияның мамыр айында ұшырылған 60 жерсерігінің 3-еуімен байланыс үзіліп, жоғалып кетті. Бұл туралы Mirror Online басылымы жариялады.
Ресми дерекке сүйенсек, қазір 8 ғарыш аппаратының белгіленген траекторияда ауытқып қозғалатыны анықталды. Әзірге ақауға не себеп болғаны белгісіз. Бірақ бұған дейін мамандар құрылғының осылай істен шығатынын топшылаған болатын.
Компания өкілдерінің айтуынша, жоғалған 3 жерсерік Жер атмосферасына таяған жағдайда, жанып кетуі керек.
Миллиардер Илон Масктің бұл жерсеріктерді ғарышқа жіберудегі мақсаты – жер бетінде арзан және жылдам интернет тарату болатын, ал әзірге сынақтан өтіп жатыр.
Табиғат Нұрболат