Спорттық жүрістен дәстүрлі Азия чемпионаты өткізілмейтін болды

1021

Жеңіл атлетикадан бірнеше ірі халықаралық турнирдің өткізілмейтіні және кейінге қалғаны анықталды, деп хабарлайды olympic.kz сайты құрлықтық ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Спорттық жүрістен дәстүрлі Азия чемпионаты өткізілмейтін болды

Коронавирус індетіне байланысты спорттық жүрістен жыл сайын ұйымдастырылатын Азия чемпионаты өтпейді. Аталған шешімді Жапония жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы Азия аймақтық қауымдастығымен бірлесе отырып қабылдаған.  

Құрлық додасы 21 наурыз күні Жапонияның Номи қаласында өтуі тиіс еді. 

Сондай-ақ, COVID-19 індетіне байланысты Кувейттегі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының өту мерзімі өзгертілді. Аталған дода 2021 жылдың қазанына шегерілген.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу