Марқұмның туған ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде қайғылы жағдайға қатысты үн қатып, қазақстандықтардан көмек сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның сөзінше, күдікті қарындасының момындығын басынған.
– Есімім – Сұлтан. 11 қаңтар күні пышақтап өлтіру жайлы оқиғадағы сол қыздың туған ағасы боламын. Шынымызды айтсақ, қан жылап отырмыз. Біз әр жаңалықты оқып отырамыз, қолдау көрсетіп жатқан жандарға рақметімізді айтамыз. Қазір біздің қолдан тек күдіктіге жоғары жаза беру ғана келеді. Қысқаша айтқанда, менің қарындасым ең ақылды, сабырлы, тұйық, жуас қыз болғандықтан, барынша басынған. "Жоқ" деген сөзді түсінбеген. Сталкер болған. Сол үшін бұл оқиғаны бүкіл жерге таратып, бізді қолдауларыңызды сұранамыз. Қазір бізге артық сөз сөйлеуге, жазуға болмайды. Өйткені, кейін арғы жақтың адвокаттары тырнақ астынан кір іздейді. Сот процесі әділ өтеді деген сенім бар. Бәрімізге сабыр мен жүрек тыныштығын берсін, – деп жазды ол.
Күні кеше күдіктінің кім екені және оның оқиға орнынан бой тасалаған көлігінің маркасы белгілі болған еді.