Стартап жобаларды толық қаржыландырмаймын – кәсіпкер

998

4 жылда стартап жобаларға 1 млн доллар салдым, бірақ ешқайсысы нәтиже берген жоқ. Бұл туралы кәсіпкер Қайрат Құдайберген айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Стартап жобаларды толық қаржыландырмаймын – кәсіпкер

Оның пікірінше, мұндай жобаларға ақша салмас бұрын жан-жақты ойлану керек.

"2016-2020 жылдары көптеген стартап жобаға 1 млн доллар қаржы құйдым. Оның ішінде Bio factory, аэропоника, гидропоника, вендинг аппаратын шығаратын стартап, VR көзілдіктер және тағы басқа жобалар бар. Өкінішке қарай бірде-бір жоба нәтиже берген жоқ", – деді кәсіпкер IV Нобель фестивалінің кулуарында.

Ол бұл сәтсіздігінен сабақ алғанын жеткізді.

"Қазір мен стартап жобаларды толық қаржыландырмаймын. Жобаның иесі де 20-30% қаржысын салуы керек. Себебі стартапқа 100% біреудің ақшасы салынса, екінші тарапта немқұрайлылық болуы мүмкін, ал адам жобаға өз қаржысын құймас бұрын, жан-жақты ойланады", – деді Қайрат Құдайберген.

Сондай-ақ кәсіпкер стартап жобаларды дамытуға қатысты пікір білдірді.

"Ол үшін Қазақстанда венчурлық инвестицияны дамыту керек, әрі арнайы алаң болуы керек деп ойлаймын. Оны құру үшін мемлекеттің қолдауы қажет. Мысалы, 10 мың жобаның бесеуі ғана құйылған қаражатты ақтап, қосымша пайда әкелуі мүмкін", – деді кәсіпкер.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу