Стартап жобаларға 150 млн теңгеге дейін грант берілмек

1480

QazInnovations өтінім қабылдауды бастады. 

Стартап жобаларға 150 млн теңгеге дейін грант берілмек

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" стартап жобалардың инновациялық гранттарына өтінім қабылдауды бастағанын хабарлады.

Қысқаша QazInnovations деп аталатын акционерлік қоғам 2021 жылғы технологияны коммерцияландыруға жұмсалатын шығынның 90%-ын жабатын инновациялық гранттар ұсынбақшы. Осылайша стартаптардың көлемі 150 млн теңгеге дейін жетеді деген есеп бар. 

"Өтінімдерді қарау жөніндегі кеңес бірінші кезекте инновациялық экожүйенің өзін дамытуға мүдделі инвесторлар мен коммерцияландыру және инвестициялау тәжірибесі бар тәуелсіз сарапшылардан жасақталады. Алғашқы кезеңдерде ондаған жоба 10 миллион теңгеден, ал бір стартап жобаның ауқымын кеңейтуге 140 миллион теңгеге дейін алады",– деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Аталған соманы игеру үшін 24 ай мерзім берілмек. Нақтырақ айтсақ, акцелерациялық кезеңіне 3 ай, жобаның өзін іске асыруға 12 ай, коммерцияға шығаруға 9 ай бөлінген. Грант алу үшін стартапқа шағын кәсіпкерлік субъектісі және прототипі (MPV) болу қажет. Ал  өтінім қабылдау ақпайн айының алғашқы онкүндігінде басталмақ. 

"Инновациялық грант алған жобалар грант қаражатын игергеннен кейін үш жыл ішінде өнімді өткізуге инновациялық грант сомасының кемінде 10%-на қол жеткізуге қарсы міндеттеме алады. Мемлекеттік ресурстарды жосықсыз пайдалануды болдырмау үшін грант алушылар тарапынан міндеттемелерді сапасыз немесе уақтылы орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Инновациялық грантты алу процесі туралы қосымша ақпаратты мына ресми сайттан алуға болады: https://qazinn.kz/

Байланыс нөмірлері: 8 (7172) 79 25 80, 8 777 111 34 55, 8 702 460 54 23.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу