/img/tv1.svg
RU KZ
Су арнасына қарасты құбырлардың үстіне салынған үйлер сүріледі

Су арнасына қарасты құбырлардың үстіне салынған үйлер сүріледі

Аталмыш құбырлар жарылса не тесілсе тұрғындардың өзіне қауіп төндіреді.

23 Тамыз 2018 18:25 775

Су арнасына қарасты құбырлардың үстіне салынған үйлер сүріледі

Шымкент қаласындағы кейбір үйлер өз иелеріне қауіп төндіріп тұр. Су арнасы мамандары осылай деп дабыл қағуда, деп хабарлайды otyrar.kz.

Олардың айтуынша қауіпті аймақта орналасқан үйлер сүрілуі керек. Олар қауіпті аймақта орналасқан үй иелеріне нысандарын бұзу керек екенін ескертеді. Себебі, олардың нысандары су арнасына қарасты құбырлардың үстіне салынған. Аталмыш құбырлар жарылса не тесілсе дүние мүлкінен бөлек үй тұрғындардың өзіне қауіп төндіреді екен.

Қауіпті ғимараттардың сүрілмегеніне мамандар сот орындаушыларының өз ісіне деген немқұрайдылығы себеп болып отыр дейді. Алайда, жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде кей тұрғындар үйлерін бұзып, көшіп кеткен.

Тәуелсіздік жылдары халық жер алып, үй салғанда оның ненің үстіне орналасқанын, жан-жағында не барына мән бермеген. Салдарынан 1700 нысан кәріз бен су құбырларының үстіне салыныпты. Бүгінгі күнге дейін соның 900-ын бұзу туралы соттың шешімі шықты. 700 — і орындалды. Қалғандары үйлерін бұзуға қарсылық танытып отыр. Кейбірі үйлерін сатқанша уақыт созып отыр. Алайда оны сатып алған адам да опық жейді. Сондықтан сату бұл мәселенің шешімі емес.

Ұқсас материалдар: