Су тасқыны кезінде мониторинг жүргізіліп, термовизиялық камерасы бар дрон қолданылады

262

Президентке жылжымалы басқару пункті қалай жабдықталғаны жөнінде мәлімет берілді.    

Су тасқыны кезінде мониторинг жүргізіліп, термовизиялық камерасы бар дрон қолданылады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Петропавл су торабына барды. Президентке қалыптасқан жағдайды нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік беретін жылжымалы басқару пункті жабдықталғаны жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол үшін әр 2,5 сағат сайын жергілікті жердің 2D форматты картасы арқылы ақпарат беруге қабілетті ұшқышсыз басқарылатын барлаушы ұшу аппараты пайдаланылады. Сондай-ақ тәулік бойы ұша алатын әрі су тасқынына қатысты жағдайдың өзгеруіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін термовизиялық камерасы бар дрон қолданылады. 

"ҚазСуШар" РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Шұғайып Ибатуллин Президентке Сергеевка су қоймасы 2022 жылы көпфакторлы тексерістен өткенін және оның техникалық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланғанын мәлімдеді. Бүгінде өңірдегі екі су қоймасы да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу