Су тасқыны: Үй құрылысында отандық өнімдер қолданылды ма?

235

70 пайызға жуығын қазақстандық құрылыс материалдары құрайды. 

Су тасқыны: Үй құрылысында отандық өнімдер қолданылды ма? Фото: stroymag

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте  айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер спикерден "Су тасқыны болған өңірлерде қолданылатын импорттық және отандық құрылыс материалдарының үлесі қандай?" деп сұрады.

"Мұнда құрылыс көлемі үлкен екенін түсіну керек. Бұл үйлердегі қазақстандық үлес 70 пайызға жуық, яғни негізгі құрылыс материалдарының дені қазақстандық өнім. Елімізде өндірілмейтін құрылыс материалдарын импорттауға тура келеді. Жалпы айтқанда, 70 пайызға жуығын қазақстандық құрылыс материалдары құрайды", - деді Қанат Шарлапаев.

Айта кету керек, осыған дейін тасқыннан зардап шеккен өңірлерде қанша үй салынып жатқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу