Тараздың іргесіндегі Байзақ ауданының шаруалары "егіс алқаптарына су жетпей, еккеніміз күнге күйіп кететін болды", деп дабыл қағуда.
Ағын судан тапшылық көріп отырғандар 300-ден асады. Бау-бақша дақылдарын өсіретіндер, көпжылдық шөп егіп, төрт түліктің қысқы азығын өндірушілерге жаз бойы су жетпесе, шығынға батары анық.
Шаруалар мен дихандар жауапты мекемелер мәселені реттеп, тиісті текше метр суды үлестіріп берсе деп сұрады.
"Көктемгі жауын-шашынның арқасында жоңышқаның бірінші орымын шауып, жинап алдық. Одан кейін алқапты суармаған соқ, екінші орымда жоңырқа шықпай қалды. Сап-сары болып қурап кетті. Қысқы жем-шөбімізді жинап алмасақ, шығынға батқалы отырмыз", - дейді шаруалар.
Райымбек Рүстембеков былтыр шаруалар әр орымда гектарынан 200 түк алғанын айтады.
"Бірінші орымда әр гектардан 60-70 қана түк шөп шықты. Жағдай бұлай жалғаса берсе, қыста басқа азық-түлікпен бірге ет бағасы да қымбаттайды", - дейді ол.
Жауапты мекемелер су тапшылығын су қоймасына жиналған су көлемінің аз болуымен байланыстырады.
"Киров" су қоймасына түсіп жатқан су көлемі аз. 1,5 куб. Былтыр бұл көрсеткіш – 55 куб болатын. Сәуір айынан бері су қоймасына 140 миллион куб су түскен жоқ. Көршілеріміздің өзіне су жетпей жатыр. Жағдай қиын болып тұр, - дейді "ҚазСуШар" РМК Жамбыл филиалының директоры Ерлан Өтегенов.