Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жалпы аудит нәтижелері бойынша 142 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны және пайдаланылғаны, 2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Экономикалық шығындар мен жіберіп алған пайда шамамен 5 млрд теңгені құрады. Бюджетке 2 млрд теңге өтелді және қалпына келтірілді. 4 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. 322 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілді", – деді Әлихан Смайылов Мәжілістегі жалпы отырыста.
Айта кету керек, осыған дейін Жоғары аудиторлық палата ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігіне қатысты аудиттің қорытындысын таныстырды.