Судандағы қақтығыс кезінде қаза тапқандар саны 270 адамға жетті

817

Суданда қарулы күштер мен жедел әрекет ету күштерінің әскерилендірілген тобы арасындағы қарулы қақтығыс нәтижесінде 270 адам қаза тауып, 2,6 мыңнан астам адам жараланды.  

Судандағы қақтығыс кезінде қаза тапқандар саны 270 адамға жетті Фото: РИА Новости

Бұл туралы ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус хабарлады деп жазады inbusiness.kz.

"Судандағы жағдай қатты алаңдатады. Судан Денсаулық сақтау министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталығы 270 адам қаза тауып, 2,6 мыңнан астам адам жарақат алғанын хабарлайды", — деді Герейесус брифинг барысында.

"Өкінішке орай, дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының үш қызметкері өлтірілді", - деп қосты ол.

Бұған дейін 180-ден астам адамның қаза тапқаны және 1,8 мың жараланғаны туралы деректер келіп түскен.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Мартин Гриффитс дүйсенбіде Судан Дарфурындағы гуманитарлық көмек үйлестіру ұйымының (ГКҮҰ) кеңсесі тоналғанын хабарлады.

"Біз гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлеріне жасалған шабуылдар мен жыныстық зорлық-зомбылық туралы естіп жатырмыз. Бұл масқараны тоқтату керек", — деді ол.

Хартумда және Суданның бірқатар басқа қалаларында 15 сәуір күні таңертең армия мен арнайы қызмет арасында қарулы қақтығыстар басталғанын еске саламыз. Қақтығыстар түні бойы жалғасты. 

Арнайы қызметті қарулы күштер құрамына толық интеграциялауды көздейтін әскери қауіпсіздік реформасына қатысты келіспеушіліктер қауіпсіздік құрылымдары арасындағы қызу қақтығысқа ұласты. Судандағы ЕО елшісіне оның резиденциясында шабуыл жасалғанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу