Судандағы үш қазақстандық эвакуацияланды - СІМ

555

ҚР СІМ басқа елдегі әріптестерімен келісе отырып, Судандағы үш азаматтың эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Судандағы үш қазақстандық эвакуацияланды - СІМ Фото: ҚР СІМ

Үш азаматтың бірі БҰҰ-ның жергілікті штабында, екінші азамат жапондық компанияда қызмет еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Судандағы қақтығыс кезінде біздің үш азамат болған. Олардың барлығы қазір елден кетіп қалған. Қазақстандықтардың бірі БҰҰ жүйесінде жұмыс істеген, қазір ол Эфиопияға аман-есен жетті. Ал екінші азамат жапон компаниясында жұмыс істеді. Ол Жапопия дипломаттары көмегімен Суданнан шығарылды. Біз сол елдегі әріптестерімізбен байланыс орнатып, барлық Қазақстан азаматтарын эвакуацилау шараларын орындадық", - деді ресми СІМ өкілі.

Суданда қарулы күштер мен жедел әрекет ету күштерінің әскерилендірілген тобы арасындағы қарулы қақтығыс жүріп жатқанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу