Ішкі істер министрлігінің басшылығы суға батып бара жатқан адамды құтқарғаны үшін Алматы полиграфия колледжінің студенті Марғұлан Дүйсеш пен Құтқару қызметінің маманы Хозы Бүркітбайханды марапаттады.
Олар жаз айының басында Сайран су қоймасына шомылуға суға түскен 43 жастағы ауған азаматын құтқарып қалған болатын.
"Шетелдік қонақты жағажайда демалып жатқан Алматы қаласының тұрғыны 18 жастағы Марғұлан Дүйсеш судан құтқарып алды. Суға батып бара жатқан адамды көрген Марғұлан тез арада жүзіп келіп, жағаға шығарды. Осы кезде су қоймасының жағасында кезекшілік еткен 109 Құтқару қызметінің маманы Хозы Бүркітбайхан да көмекке келіп үлгерді. Жігіт зардап шегушіні жағаға шығарған сәтте, жүгіріп жеткен құтқарушы алғашқы медициналық көмек көрсеткен", – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.