Жаңа "супержер" экзопланеталарды анықтауға көмектесетін 2 жоғары дәлдіктегі құралдың көмегімен табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жерден 18 жарық жылы қашықтықта орналасқан (M типті ергежейлі жұлдыздың өмір сүруге қолайлы аймағы) экзопланетаны АҚШ-тағы Калифорния университетінің зерттеушілері анықтап отыр.
Зерттеуде аталған жоғары дәлдіктегі бақылау құралдарының экзопланетаның M типті ергежейлі жұлдызға әлсіз тартылатынын және оның құрылымы Жерге ұқсас тасты болуы мүмкін екені жазылған.
– Планетаның беткі температурасы сұйық су үшін қолайлы болуы ықтимал, бұл – тіршіліктің пайда болуының негізгі шарттарының бірі, – делінген зерттеуде.
Бір қызығы, GJ 251 c планетасы Жерден бірнеше есе үлкен және Құс жолы галактикасының салыстырмалы түрде жақын бөлігінде орналасқан.
– Қазіргі уақытқа дейін біз соншалықты көп экзопланета аштық, сондықтан жаңа планетаның табылуы бұрынғыдай үлкен жаңалық болып саналмайды. Десе де, бұл ашылымның ерекше құндылығы – оның негізгі жұлдызы бізден небәрі 18 жарық жылы қашықтықта орналасқан. Ғарыштық өлшеммен алғанда, бұл оны көрші ғаламшар деуге болады, – деді зерттеушілердің бірі Пол Робертсон.
Зерттеу нәтижелері "The Astronomical Journal" журналына басылып шықты.
Бірнеше күн бұрын ғана "Дабыл! Жер планетасы қисая бастады" деген тақырыпта мақала жариялаған едік.