Сұйытылған мұнай газы келер жылы электронды саудаға шығарылады

805

Сұйытылған мұнай газы келер жылы электронды саудаға шығарылады

Сұйытылған мұнай газы келер жылдың қаңтар айында электронды саудаға шығарылады. Бұл туралы мәжіліс депутаттары "Газ және газбен жабдықтау туралы" заң жобасын таныстыру барысында айтты, деп хабарлайды 24.kz.

2021 жылға дейін шикізаттың 20 пайызы осы тәсілмен сатылады. Кейін оның көлемін арттыру жоспары бар.

Алдымен электронды алаң арқылы сауданы газ желісімен айналысатын ұйымдар жүргізе бастайды. Уақыт өте келе ірі өндірістік кәсіпорындар да жүйеге қосылады.

Жоба әзірлеушілерінің айтуынша, қазір газдың көтерме сауда бағасы 43 435 теңгені құрайды. Ал бөлшек саудада шикізаттың бір тоннасы шамамен 122 мың теңгеден сатылады. Осыдан-ақ газ өндіретін отандық зауыттардың табысы төмен екенін байқауға болады. Ал электронды сауда алаңдары газды делдалсыз тікелей зауыттың өзінен сатып алуға мүмкіндік туғызады.

"Зауыт бекітілген айлық жоспар бойынша газ желісі ұйымдарына ешқандай критерийсіз белгіленген бағамен газ таратады. Ал іс жүзінде келіспеушіліктер бар. Сұйытылған мұнай газын өндіретін көтерме сауда бағасы өзіндік бағасынан төмен. Осындай болмас үшін заңды түрде ашық нарықтық критериймен қарастырылып отыр. Кім үстеме баға береді? Осы критериймен газ таратылады",- дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу