Сұлтан Сарсемалиевке қатысты үкім күшіне енді

309

Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесін өлтірген Сұлтан Сарсемалиевке тағайындалған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы заңды күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Сұлтан Сарсемалиевке қатысты үкім күшіне енді Фото: 24.kz

Сотталушы үкімге апелляциялық шағым түсірмеген. Бұл ақпаратты Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі растады.

Оқиға Жангелдин ауылында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, Сарсемалиев қайын ағасын пышақтап өлтіргеннен кейін оның атынан банк қосымшасы арқылы шамамен 4 млн теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеген.

Сот үкімімен қатар, қылмысқа ықпал еткен жағдайларға байланысты банк төрағасы мен облыс прокурорының назарына тиісті шаралар қабылдау туралы жеке қаулы шығарылған.

Қазір сотталған азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейтін мекемеге жіберіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Сарсемалиевтің әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның психикалық денсаулық орталығынан шығарылып, кейін балаларымен кездескені хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу