Сұлтан Сәрсемәлиевтің өмір бойғы жазасы қайта қарала ма?

"Сот кабинетіндегі" мәліметке сай, апелляциялық шағым 2026 жылдың 29 шілдесінде түскен.  

Сұлтан Сәрсемәлиевтің өмір бойғы жазасы қайта қарала ма? Фото: Видеодан скриншот

Десе де, Сұлтан Сәрсемәлиевтің өзі әзірге апелляциялық сот алқасына жүгінбеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облысында бүтін бір отбасы мүшелерін өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот үкімі бойынша апелляциялық шағым беріліп отыр.

Атырау облыстық соты үкім жарияланған кезде судья бірнеше мекеме басшысына қатысты жекеше қаулы шығарғанын алға тартады. Апелляциялық шағым сол мекемелердің бірінен берілген.

Жаза кетейік, 2026 жылдың 14 шілдесінде қайынжұртын қырып салған "күйеубалаға" үкім шықты. 

Тергеу мен сот барысында С.Сәрсемәлиевтің адам өлтіруден өзге, алаяқтық, ұрлық, жеке куәліктерді иемдену, мүлікті талан-таражға салу және несие рәсімдеу секілді бірқатар құқықбұзушылық жасағаны анықталды.

Сотта ол жасаған іс-әрекеттеріне өкінетінін білдірсе де, болған жағдайға марқұмдардың өзін кінәлаған және қасақана өлтірмегенін еске салды.

Бұған дейін Сұлтан Сәрсемәлиев "Жазамды өмір бойы өтеуге дайынмын" деп сотта соңғы сөзін айтқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу